Accessibility links

Беларусь Швециядағы елшіcін шақыртып алды


Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт.
Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт.
Беларусь үкіметі Швециядағы елшілерін елге шақырып, Швеция тарапына да Беларусьтегі өз елшілерін кері қайтарып алуды ұсынды.

3 тамызда Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт Беларусь үкіметі швед дипломатын елден демократиялық қоғам орнатуға қолдау мақсатындағы қызметі үшін шығарып жіберді деп мәлімдеген еді. Осыған байланысты ресми Стокгольм де Беларусьтің жаңа тағайындалған елшісінің қызметке кірісуін құптамай, елдегі Беларусьтің екі дипломатынан елден кетуді сұраған.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 4 шілдеде Беларуське Литва территориясынан швед жеңіл ұшағы еш кедергісіз кіріп, сөз бостандығын қолдаған шара өткізгеннен соң нашарлап кетті.
XS
SM
MD
LG