Accessibility links

Лондонда Камерунның 7 спортшысы жоғалды


Қашықтыққа жүгіру жарысына қатысып жатқан спортшылар. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қашықтыққа жүгіру жарысына қатысып жатқан спортшылар. Лондон, 8 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Лондон олимпиадасына қатысуға келген Камерунның жеті спортшысы - бес боксшы, бір футболшы мен суда жүзушісі жоғалып кетті.

Камерунның олимпиада делегациясы басшысының айтуынша, спортшыларды өткен аптаның соңынан бері ешкім көрмеген. Олардың неліктен жоғалып кеткені де белгісіз.

Жоғалып кеткендердің барлығында Ұлыбританияда қарашаның соңына дейін болуға рұқсат беретін виза болған. Камерунның олимпиада комитеті жоғалған спортшыларды іздеуге халықаралық олимпиада комитетінен көмек сұраған.
XS
SM
MD
LG