Accessibility links

Астанада журналисті соққыға жықты


Астанада Ұларбек Байтайлақ есімді журналисті аяусыз ұрып кетті. 9 тамыз сөз бостандығын қорғайтын "Әділ сөз" ұйымы осындай ақпарат таратты.

Журналисті тамыздың 8-іне қараған түні Астананың маңында, өз үйіне жақын жерде ұрып кеткен. Журналист ауыр жараланып, ауруханаға түскен.

Ұларбек Байтайлақтың мақалалары оппозициялық "Дат", "Төртінші билік" газеттері мен "Алтын тамыр" журналдарында жарияланған. Ол журналистік кәсіптен өзге ұлттық мұрағатта да қызмет атқарады.

Бірақ қалалық ішкі істер департаменті әзірге оқиғаға орай еш түсінік бермей отыр.
XS
SM
MD
LG