Accessibility links

Нагасакиде атом бомбасы құрбандарын еске алды


Атом бомбасының құрбандарын еске алу шарасына жиналғандар. Нагасаки, 9 тамыз 2012 жыл.

Атом бомбасының құрбандарын еске алу шарасына жиналғандар. Нагасаки, 9 тамыз 2012 жыл.

Жапонияның Нагасаки қаласында бүгін АҚШ-тың атом бомбасын тастағанына 67 жыл толғанын және одан құрбан болғандарды еске алды.

Нагасакидегі атом бомбасының құрбандарына арналған парктегі еске алу шарасында сөйлеген Нагасаки мэрі Томихиса Тауэ Жапония үкіметін елдегі ядролық нысандарды жабуға шақырды. Мэр "ядролық қауіптен ада қоғам құру үшін елдің энергетикалық саясатын өзгерту қажет" екенін айтты. Тауэ өткен жылғы жер сілкінісі кезінде Фукусима АЭС-і апатынан зардап шеккендерге көмектесуге уәде берді.

1945 жылы 9 тамызда АҚШ әскерилері Нагасакиге екінші атом бомбасын тастап, одан 74 мыңға тарта адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG