Accessibility links

Қазақстандық палуан әйел қола жүлде алды


Лондон олимпиадасында 72 килограмм салмақ бойынша белдескен қазақстандық спортшы Гузель Манюрова 9 тамыз күні қола медаль жеңіп алды.

1/8 финалда жапон қарсыласын жыққан Гузель Манюрова ширек финалда ресейлік Наталья Воробьевамен кездесті. Бәсекелесін бір мәрте тік көтеріп алып жыққанымен, белдесу барысында бәрібір ұтылып қалды.

Воробьева финалға шыққан себепті Манюрова да қола жүлдеге таласу хақына ие болды. Әуелі украиналық Катерина Бурмистрованы жеңген қазақстандық палуан шешуші белдесу кезінде қытайлық Ван Цзяоны жықты.

Қазақстан олимпиада құрамасы 6 алтын, 3 қола медальмен жалпы есепте 11-орында тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG