Accessibility links

Сирияда жаңа премьер тағайындалды


Сирия премьер-министрі Ваел Әл-Халки.

Сирия премьер-министрі Ваел Әл-Халки.

Сирия президенті Башар Асад бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ваел Әл-Халкиді елдің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады. Ваел Әл-Халки өткен аптада Иорданияға қашып, көтерілісшілер жағына өтіп кеткен Рияд Хаджибтің орнына келді.

48 жастағы Ваел Әл-Халки осыдан 17 ай бұрын Сирия режиміне қарсы толқулар басталған Дераа провинциясынан шыққан.

Үлкендігі жағынан Сирияның екінші қаласы Алеппода қазір үкімет әскері мен көтерілісшілер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр. Алеппоның сыртындағы стратегиялық маңызы бар Салахаддин қаласын қазір екі жақ алма-кезек бақылауға алып отырғаны жайлы ақпараттар түсіп жатыр.

Осы күндері Иранда Сирия дағдарысына арналған дипломатиялық кездесу өтіп жатыр. Тегеран Сирия билігі мен оппозицияны келіссөздерге шақырып отыр. Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи Тегеранның Сирияға әскер кіргізілуіне қарсы екенін білдірді. Айтуынша, жағдайды БҰҰ бейбіт түрде реттегені дұрыс.
XS
SM
MD
LG