Accessibility links

Ресей оппозиционері Сергей Удальцов тұтқындалды


Сергей Удальцовті полицейлер ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 9 тамыз 2012 жыл.

Сергей Удальцовті полицейлер ұстап әкетіп барады. Мәскеу, 9 тамыз 2012 жыл.

Бейсенбіде Мәскеуде федералды тергеу комитеті кеңсесінің маңында "Солшыл майдан" оппозициялық қозғалысының үйлестірушісі Сергей Удальцов тұтқындалды. Оған "рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырмақ болды" деген айып тағылды.

Удальцов енді 16 тамызда сотқа тартылады. Рұқсат етілмеген шеру ұйымдастырғандарға берілетін жазаны күшейткен соңғы заң бойынша оған 950 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Удальцов "шеру ұйымдастырмақ болды" деген айыпты жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG