Accessibility links

АҚШ Google компаниясына айыппұл салды


Google компаниясының логотипі. Көрнекі сурет.

Google компаниясының логотипі. Көрнекі сурет.

АҚШ-тың федералдық сауда комиссиясы Google компаниясын "азаматтардың жеке бас мәліметтеріне қол сұқты" деп айыптап, 22,5 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды.

Сауда комиссиясы компания тұтынушыларының жеке бас мәліметтерін құпия сақтауға уәде бергенімен, cookies компьютерлік кодын пайдаланғанын айтады. Бұл код мәліметтерді құпия сақтау қондырғыларын айналып өтіп, тұтынушыларының нені іздейтінін қадағалап отыруға мүкіндік береді. Осы арқылы жарнамалық хабарландыруларды кім ілгенін де анықтауға болады.

22,5 миллион АҚШ доллары - сауда комиссиясы тарихында салынған ең көп айыппұл. Дегенмен, Wall Street Journal -дың дерегі бойынша, бұл сома Google-дың бес сағатта табатын табысымен бірдей.
XS
SM
MD
LG