Accessibility links

Владимир Козловты туған күнімен құттықтады


Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин. Алматы, 31 мамыр 2012 жыл.

Бүгін Алматыда "Қазақтелеком" компаниясының ғимараты алдында оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин Владимир Козловтың туған күніне орай жалғыз адамдық акция өткізді. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қамаудағы тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың туған күніне орай "Алғаның" бір топ белсендісі оған құттықтау телеграммасын жолдады.

Акцияда Қуанышәлин "Владимир Козлов - нағыз қазақ!" деген және Козловты құттықтаған плакаттар ұстап шықты.

Акцияға журналистер де қатысты. Полиция сырттай бақылап тұрды.
XS
SM
MD
LG