Accessibility links

Египет Синай түбегіне әскер шоғырландыра бастады


Әскери техника тиеген көлік керуені. Египет, 9 тамыз 2012 жыл.
Әскери техника тиеген көлік керуені. Египет, 9 тамыз 2012 жыл.
Египет әскері Синай түбегіне исламшыл содырларының зорлық-зомбылығын басу шоғырлана бастады.

Түбектегі бәдәуи тайпаларының көсемдері жұмаға қараған түні Египеттің ішкі істер министрімен кездесуінде содырларға қарсы күресте көмектесуге уәде берді. Жергілікті тайпалардың жетекшілері Газа және Израильмен шекарадағы бекетке шабуыл жасап қаза тапқан содырлардың денелерін көруді талап еткен еді.

Ондаған танкі мен бронды техникалар тиеген әскери көліктер Әл-Ариш қаласы арқылы исламшыл содырлар жасырынды делінген түбектің шығыс жағындағы шекараға қарай жөнелді.

Бейсенбіде Египеттің мемлекеттік телеарнасы әскери тікұшақтар мен солдаттар 20 содырды өлтіргенін хабарлаған.

Елдің жаңа сайланған президенті Мұхаммед Мурси өткен жексенбіде қаза тапқан 16 жауынгердің кегін қайтарып, түбекке толық бақылау орнатуға уәде беріп отыр.
XS
SM
MD
LG