Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ-тың 3 әскериі қаза тапты


Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің әскери техникасы. Гильменд уәлаяты.
Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің әскери техникасы. Гильменд уәлаяты.
Ауғанстанның оңтүстігінде ауған әскери қызметкерінің киіміндегі қарулы адамның шабуылынан америкалық үш әскери қаза тапты.

Шабуыл бейсенбі кеште Гильменд уәлаятында болған. Шабуыл жасағандар туралы еш мәлімет жоқ. Жергілікті қауіпсіздік күштерінің киімін кигендер осымен екінші рет халықаралық коалиция күштеріне шабуыл жасап отыр.

Сейсенбіде дәл осыған ұқсас шабуылдан шетелдік бір әскери қызметкер қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG