Accessibility links

Ганада президентті жерлеу рәсімі өтіп жатыр


Гаананың астанасы Аккрада бүгін шілде айында 68 жасында қайтыс болған президент Джон Атта Миллсті жерлеу рәсімі өтіп жатыр.

Қаралы жиынға Африканың бірқатар елі - Кот-д Ивуар, Либерия, Того мемлекеттерінің басшылары қатысып жатыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да қатысады деген болжам бар.

Джон Атта Миллс соңғы уақыттары қатерлі ісікпен ауырды. Ол төрт айдан кейін өтетін президенттік сайлауға қайта түсуге ниеттенген.

Қазір президент міндетін сайлауға дейін уақытша вице-президент Джон Махама атқарып отыр.

Гана Батыс Африкадағы демократия орнап, азаматтардың бостандықтары әлдеқайда жақсы сақталатын ел ретінде танымал.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG