Accessibility links

Екі қазақ боксшысы финалға шықты


Қазақ боксшысы Серік Сәпиев. Лондон, 7 тамыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
Қазақ боксшысы Серік Сәпиев. Лондон, 7 тамыз 2012 жыл. Көрнекі сурет
Лондон олимпиадасында 69 және 81 кг салмақта сайысқа түскен қазақстандық боксшылар Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов 10 тамыз күнгі жартылай финалда жеңіске жетті. Аса жоғары салмақтағы қазақстандық Иван Дычко ұлыбританиялық Энтони Джошуадан ұпай саны бойынша ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Сәпиев ресейлік, ал Ниязымбетов украиналық қарсыластарын ұпай саны бойынша ұтты. 69 кг салмақта жартылай финалда жұдырықтасқан төрт боксшының ішінде Серік Сәпиевтің дене дайындығы мен шеберлігі жағынан бәсекелестерінен айтарлықтай алда екені байқалды.

Әділбек Ниязымбетовтің бәсекесі күші тең қарсыластардың кездесуіне ұқсады. Бірақ қазақ боксшысы шешуші үшінші раундта ширағырақ көрінді, әрі көбірек дәл соққы жасады.

12 тамыз күні өтетін финалда Серік Сәпиев ұлыбританиялық Фреди Эванспен, ал Әділбек Ниязымбетов ресейлік Егор Мехонцевпен бокстасады.

Әзірге Қазақстан олимпиадалық құрамасы 6 алтын, 4 қола медалімен 12-орында тұр.
XS
SM
MD
LG