Accessibility links

Қазақстан олимпиадада тағы бір орынға төмендеді


Қазақстандық Иван Дычко (қызыл киімде) мен канадалық Саймон Кэйннің жекпе-жегі. Лондон, 6 тамыз 2012 ж.
Қазақстандық Иван Дычко (қызыл киімде) мен канадалық Саймон Кэйннің жекпе-жегі. Лондон, 6 тамыз 2012 ж.
Қазақстан ұлттық командасы Лондон олимпиадасында алты алтын, төрт қола медальмен жалпы командалық есепте 12-орынға түсті.

Құрамаға тиесілі төртінші қола медальды 10 тамызда бокстан аса ауыр салмақта сынға түскен қазақстандық Иван Дычко иемденді. Ол жартылай финалда британ спортшысы Энтони Джошуадан ұпай саны бойынша ұтылып қалды.

Ал 69 келі салмақта Серік Сәпиев және 81 кг салмақта Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда бәсекелестерінен басым шықты. Енді 12 тамыз күні өтетін финалда Серік Сәпиев ұлыбританиялық Фреди Эванспен, ал Әділбек Ниязымбетов ресейлік Егор Мехонцевпен кездеседі.

Әзірге Қазақстан ұлттық құрамасы 6 алтын, 4 қола медалімен Лондон олимпиадасында 12-орында тұр.

Жалпы командалық есепте жиыны 94 медаль (41 алтын, 26 күміс, 27 қола) иеленген АҚШ спортшылары тізім бастап келеді.
XS
SM
MD
LG