Accessibility links

Үндістанда көлік апатынан ондаған адам мерт болған


Жол апатына ұшыраған автобус. Көрнекі сурет.

Жол апатына ұшыраған автобус. Көрнекі сурет.

Үндістанның солтүстігінде Химачал-Прадеш штатындағы таудағы жолда жолаушылар мінген автобус құздан құлап кеткен. Төтенше оқиғаның салдарынан кемінде 40 адам қаза болып, жиырмаға жуық адам жарақат алған.

Жергілікті билік орындары апаттан құрбан болғандардың саны әлі де көбеюі мүмкін дейді. Апат болған жерде құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

Үндістан жол апаты салдарынан қаза көп болатын елдердің қатарында аталады. Жыл сайын бұл елде автокөлік апатынан ондаған мың адам мерт болады.
XS
SM
MD
LG