Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ-тың 3 сарбазы оққа ұшты


Жүгіріп бара жатқан АҚШ сарбазы. Ауғанстан, 7 маусым 2012 ж. Көрнекі сурет.

Жүгіріп бара жатқан АҚШ сарбазы. Ауғанстан, 7 маусым 2012 ж. Көрнекі сурет.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятында орналасқан НАТО күштерінің базасында америкалық үш сарбаз қаза тапқан. Оларды өткен түнде осы әскери базада жұмыс істейтін ауған азаматының атып өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Бұған дейін бейсенбінің кешінде Гильменд уәлаятында ауған қауіпсіздік күштерінің киімін киген қарулы адамның шабуылынан америкалық үш әскери мерт болған еді. Тамыздың 7-күні елдің шығысында осыған ұқсас шабуылдан АҚШ-тың 1 сарбазы қаза тапқан.

Ауғанстандағы НАТО күштерінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері ауған жерінде шетелдік әскерилерге 26 шабуыл жасалып, 34 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG