Accessibility links

Иран танкерлері Танзанияға тіркеліп жүр


Иранның ұлттық мұнай компаниясының танкері, 2012 жыл
Иранның ұлттық мұнай компаниясының танкері, 2012 жыл
"Экономикалық санкциядан айналып өту үшін Иранның 36 танкері Танзания портына тіркеліп алған» деп хабарлайды Танзания үкіметінің өкілдері.

Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігінің сайтында жарияланған ақпараттарға қарағанда, Танзания үкіметі өз елінің туын көтеріп жүрген Иран танкерлерін білмеген. Ресми өкілдер Иран танкерлерінің мұны Дубайдағы кеме қатынасы жөніндегі делдал фирмалар арқылы жүзеге асырғанын айтады.

Иран мұнайын экспорттауға салынған тыйым Иранның ядролық қаруды иеленбек әрекетінен айнытуды көздейтін халықаралық санкцияларының бірі болатын. Шілде айында америкалық бизнесмен Хауард Берман Иран танкерлерінің әрекеті жөнінде Танзания жетекшілеріне хат жолдап, алаңдаушылық білдірген еді.
XS
SM
MD
LG