Accessibility links

Палуан Ақжүрек Таңатаров жартылай финалда жеңілді



Еркін күрестен 66 килограммға дейінгі салмақта олимпиаданың соңғы күні кілемге шыққан Ақжүрек Таңатаров 1/8 финалдағы алғашқы белдесуінде украиналық Андрей Квятковскийді жеңді.

Ширек финалда армениялық Девид Сафарьянды жеңіп, жартылай финалға шықты. Алайда Үндістан палуаны Сушил Құмардан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді қола жүлде үшін күреседі.

Бүгін еркін күрестен 96 килограмм салмақта күрескен Таймураз Тигиев алғашқы белдесуінде 2012 жылғы Еуропа чемпионы, ресейлік Әбдісалам Гадисовтан 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

2008 жылғы Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Таймураз Тигиев финалда ресейлік палуан Ширвани Мурадовтан жеңілген еді.
XS
SM
MD
LG