Accessibility links

Қазақ балуаны қола жүлдегер атанды


Қазақ палуаны Ақжүрек Таңатаров олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл

Қазақ палуаны Ақжүрек Таңатаров олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл

Лондон олимпиадасында 66 кг салмақта күрескен Ақжүрек Таңатаров 12 тамыз күні қола жүлде үшін өткен шешуші белдесу кезінде түрік палуанын жықты.

Таңатаров жарысты украин балуанын жеңіп бастаған еді. Ширек финалда қазақ спортшысы армян қарсыласын да ұтты. Жартылай финалда қазақстандық балуан үндістандық бәсекелесінен күмәнді жағдайда ұтылды. Белдесу кезінде қарсыласы Таңатаровтың құлағына зақым келтірді.

Қола жүлдеге таласқан Ақжүрек Таңатаров аса тартысты бәсекеде, бірінші кезеңде ұпай санымен ұтылып жатқанына қарамастан, жеңісті тартып алды.

Қазақстандық екі боксшының финалдық кездесуіне дейін елдің олимпиадалық құрамасы 6 алтын 5 қола иеленіп үлгерді. 12 тамыз - Лондон олимпиадасының соңғы күні.
XS
SM
MD
LG