Accessibility links

Сәпиев - чемпион, Ниязымбетов - күміс жүлдегер


Лондон олимпиадасының чемпионы атанған қазақ боксшысы Серік Сәпиев. Лондон, тамыз 2012 жыл
Лондон олимпиадасының чемпионы атанған қазақ боксшысы Серік Сәпиев. Лондон, тамыз 2012 жыл
Лондон олимпиадасында 69 кг салмақта жұдырықтасқан қазақ боксшысы Серік Сәпиев 12 тамыз күні өткен финалда ұлыбританиялық қарсыласын айқын басымдылықпен жеңіп, чемпион атанды.

Осы күні 81 кг салмақта бокстасқан Әділбек Ниязымбетов ресейлік қарсыласымен ұпай саны бойынша тең түсіп, қазылар шешімі бойынша жеңіліп қалды. Ниязымбетов Лондон олимпиадасында күміс медаль алған жалғыз қазақстандық спортшыға айналды.

Қазақстан олимпиадалық құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленіп қорытынды командалық есепте 12-орынға шықты.
XS
SM
MD
LG