Accessibility links

Серік Сәпиев Баркер кубогын иеленді


Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев. 12 тамыз 2012 жыл

Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев. 12 тамыз 2012 жыл

Лондон олимпиадасында 69 килограмм салмақта чемпион атанған қазақстандық боксшы Серік Сәпиев турнирдегі ең шебер спортшыға берілетін Вэл Баркер кубогын иеленді.

Вэл Баркер кубогы 1936 жылдан бері олимпиаданың бокс турниріндегі техникасы бойынша үздік деп танылған бір боксшыға беріліп келеді.

Бұған дейін Баркер кубогын екі қазақстандық боксшы - Василий Жиров (1996 жылы) пен Бақтияр Артаев (2004 жылы) иеленген еді.

Бұл арнайы жүлдені АҚШ-тың бес, Қазақстанның үш боксшысы алған. Куба, Италия және Ресей боксшылары Баркер кубогын екі рет иеленген.
XS
SM
MD
LG