Accessibility links

Иранда жер сілкінісінен 227 адам қаза тапқан


Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Иран, 12 тамыз 2012 жыл.

Шығыс Әзербайжан провинциясындағы жер сілкінісінен кейінгі көрініс. Иран, 12 тамыз 2012 жыл.

Иран үкіметі жексенбіде Шығыс Әзербайжан провинциясында болған екі ірі жер сілкінісінен құрбан болған адамдар санын азайтты.

Соңғы деректер бойынша, жексенбіге қараған түнгі 6,4 және 6,3 балдық жер сілкіністерінде әу баста хабарланғандай 250 адам емес, 227 адам қаза тапқан. 1380 адам жараланған.

Қазір жер сілкінген аймақта құтқару жұмыстары тоқтатылған. Билік мұның есесіне аман қалған тұрғындарға азық-түлік жеткізіп, уақытша тұрақтар салып жатыр.

Жер сілкінісінен эпицентрге жақын орналасқан 600 ауылдың жартысы зардап шеккен. 16 мың адам қанға мұқтаж.

Ресей мен Германия ғана Иранға апат зардаптарын жоюға көмектесуге тілек білдірді.
XS
SM
MD
LG