Accessibility links

Лондонда олимпиада ойындары аяқталды


Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл.

Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты. Лондон, 12 тамыз 2012 жыл.

Лондонда Отызыншы жазғы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты болды. Үш сағатқа созылған салтанатты шараға төрт мыңға тарта адам қатысты. Шараның соңында олимпиада алауы сөндіріліп, олимпиада туы 2016 жылғы келесі олимпиада ойындары өтетін Рио-де-Жанейро қаласына тапсырылды.

16 күнге созылған ойындарда Қазақстан спортшылары 7 алтын, бір күміс және бес қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 12-орынды иеленді.

Жарыс барысында 44 әлем, 117 олимпиада рекорды жаңарды. Оның алтауын қазақстандық зілтеміршілер - Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Мая Манеза және Илья Ильин жасады.

Жарыстың соңғы күні олимпиада чемпионы атанған боксшы Серік Сәпиев техникасы бойынша үздік деп танылған боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогына лайық деп танылды. Қазақстандық боксшылар Баркер кубогын осымен үшінші мәрте иеленіп отын. Бұған дейін кубок Василий Жиров пен Бақтияр Артаевқа берілген.
XS
SM
MD
LG