Accessibility links

Нигерияда атыста радикалды топтың 20 мүшесі қаза тапты


Полиция бекетіндегі "Боко харам" тобы мойнына алған жарылыс орны. Нигерия, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Полиция бекетіндегі "Боко харам" тобы мойнына алған жарылыс орны. Нигерия, 20 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет).

Нигерияның қауіпсіздік күштері жексенбідегі атыс кезінде "Боко харам" экстремистік тобының 20 жауынгерін өлтірді. Қауіпсіздік күштері елдің солтүстік-шығысындағы қарулы исламшыл топтың тұрағына басып кірді.

Борно штатының астанасы Майдугуридегі атыста бір үкімет сарбазы қаза тапты.

"Боко харам" - нигериялық радикалды исламшыл ұйым. Ұйымның басты мақсаты - елде батыстық өмір салтын жойып, шариғат заңдарын орнықтыру. Соңғы уақыттары христиан шіркеулеріне жасалған бірнеше шабуыл мен жарылыстарды топ өз мойнына алған.
XS
SM
MD
LG