Accessibility links

Израильде Иранға шабуыл жасауға наразылық танытты


Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак.
Израильдің қорғаныс министрі Эхуд Барак.
Жексенбі күні кешке Израиль астанасы Тель-Авивте үкіметті Иранға шабуыл жасамауға шақырған шеру өтті.

Қорғаныс министрі Эхуд Барак тұратын үйге жиналғандар Иранға шабуыл жасау жоспарын айыптаған плакаттар ұстап шықты. Шерушілер Эхуд Барак пен премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды израильдіктердің өмірін қауіп-қатерге тікпей, отставкаға кетуге шақырды

Нетаньяху кеше үкімет отырысында "Иран тарапынан төнетін қауіп Израильдің барлық проблемаларынан асып түседі" деген сыңайда мәлімдеме жасаған.

Иран дауға себеп болған ядролық бағдарламасы "тек бейбіт мақсатты көздейтінін" айтады. Бірақ Батыс елдері "Тегеран уранды ядролық қару жасауға қолданады" деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG