Accessibility links

Қостанайда салафилік ағым өкілдері сотталды


Қостанайда "қылмыстық топ құрып, Пәкістан мен Ауғанстанға адам жіберумен айналысты" делінген салафилік ағым өкілдері сотталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, салафилік ағым өкілдерінен тұратын қылмыстық топты құрған Октябрь Ходжаев 6 жылға сотталған. "Топ алаяқтықпен айналысты. Ауғанстан мен Пәкістандағы әскери операцияларға қатысатындарды іріктеп, жөнелту үшін мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті" дейді баспасөз қызметінің қызметкері Гүлзада Рашқалиева.

Топтың басқа мүшелері - ағайынды Алмас және Алмат Абдрахмановтар, Оразбек Дощанов алаяқтық жасады деп айыпталып, 4 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімдерге сотталған. Шекараны заңсы зкесіп өтті деп айыпталған топтың басқа үш мүшесіне рақымшылық жасалған.
XS
SM
MD
LG