Accessibility links

"Алға": Козловтың соты 16 тамызда басталады


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың ісі бойынша сот 16 тамыз, бейсенбіде Ақтауда басталады деп хабарлады Азаттық тілшісіне партияның баспасөз қызметінен.

Партияның дерегіне қарағанда, әуелде істі қарау 25 тамызда Козлов "қылмыс жасады" делінген Жаңаөзенде қаралатын болған. Сот отырысын Маңғыстау облыстық сотының судьясы Б.К.Мырзабеков жүргізбек.

Владимир Козлов қазір Ақтау қаласында абақтыда отыр. Саясаткерді қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деп айыптап, тұтқындаған. Кейіндеу оған "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "елдің конституциялық құрылымын күштеп құлатуға шақырды" деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG