Accessibility links

Тәжікстанда қарулы топ мүшелері өз еркімен берілді


Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің генералы Абдулло Назаровты өлтірдідеген күдікті Толиб Айомбеков.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің генералы Абдулло Назаровты өлтірдідеген күдікті Толиб Айомбеков.

Тәжікстан билігі мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің генералы Абдулло Назаровты өлтіруге күдікті делінген қарулы топтың басшысы Толиб Айомбеков Таулы Бадахшан облысында билікке өзі берілді деп хабар таратты.

Өз еркімен берілгенге дейін, кеше Айомбеков жергілікті телеарнадан аймақта бейбітшілікті сақтау үшін өзінің бауыры және жақтастарымен бірге осындай қадамға барып отырғанын мәлімдеген.

Жергілікті билік қазір оның ауруханада емделіп жатқанын айтады.

Абдулло Назаровты 21 шілдеде өлтіріп кеткен еді. Билік оның өліміне Айомбековтің жақтастарын айыптап, оларға қарсы Хорог пен оған жақын аудандарда арнайы операция бастаған. Кейін екі жақ арасында келіссөздер жүрді. Оның нәтижесінде топ мүшелері қаруларын тастап, берілген жағдайда рақымшылық жасалатын болып келісім жасасты.
XS
SM
MD
LG