Accessibility links

Олимпиада туы Рио-де-Жанейроға жеткізілді


Олимпиада туы. Көрнекі сурет.
Олимпиада туы. Көрнекі сурет.
Олимпиада ойындарының ресми туы дүйсенбіде 2016 жылы келесі олимпиада ойындары өтетін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласына жеткізілді.

Ту қала мэрі Эдуард Паэске Лондондағы ойындардың жабылу салтанаты кезінде олимпиада алауы сөндірілмей тұрып ресми түрде тапсырылған еді.

Тудың келуі келесі олимпиада ойындарына ресми түрде дайындықтың басталғанын білдіреді. Бразилияда енді төрт жылдан соң өтетін ойындарға арналған ондаған спорт ғимараттары салынуы тиіс. Рио-де-Жанейро - Оңтүстік Америка тарихында олимпиада ойындары өткізілетін алғашқы қала болмақ.
XS
SM
MD
LG