Accessibility links

Вашингтон: АҚШ азаматтары ирандықтарға көмектесе алады


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Виктория Нуланд.

АҚШ азаматтары жер сілкінісінен зардап шеккен ирандықтарға санкцияларды бұзатынына қарамастан, азық-түлік және дәрі-дәрмек түрінде көмек бере алады деп мәлімдеді мемлекеттік департаменттің өкілі Виктория Нуланд.

Оның айтуынша, тұрғындар арнайы рұқсатсыз-ақ ирандықтарға гуманитарлық көмек көрсете алады.

Бұған қоса Иранға коммерциялық емес банк транзакциялары арқылы ақша аударуға да болады.

"Тегеранның шетел көмегінен бас тартқанына қарамастан, АҚШ үкіметінің жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету туралы ұсынысы күшінде қалады" дейді Нуланд.

11 тамызда Иранның Шығыс Әзербайжан провинциясында қуаты 6,3 және 6,4 балл екі ірі жер сілкінісі болған. Апат салдарынан 300-ден астам адам қаза тауып, мыңдаған адам жараланды. Жер сілкінісіне жақын аймақтағы 600 елді мекеннің жартысы қираған.
XS
SM
MD
LG