Accessibility links

Мадонна гомосексуализмге байланысты шағымға ілікті


Әнші Мадоннаның Санкт-Петербургтегі концерті. Ресей, 9 тамыз 2012 жыл.
Әнші Мадоннаның Санкт-Петербургтегі концерті. Ресей, 9 тамыз 2012 жыл.
Санкт-Петербург полициясы америкалық әнші Мадоннаның Ресейдің гомосексуализмді насихаттау туралы заңын бұзғаны турасында тексеру бастағанын хабарлады.

9 тамызда Санкт-Петербургте мыңдаған ресейліктерге берген концертінде Мадонна гомосексуалдарға төзімділік танытуды талап етіп, "өз халқына құрметпен, ізгілікпен қарамайтын қоғамның қауіпті екенін" айтқан.

Осы сөзінен кейін "Родительский контроль" ұйымының белсенділері полицияға Мадоннаны жауапқа тартуды талап етіп, шағым түсірді.

Гомосексуализмді насихаттау туралы заң жобасының авторы, депутат Владимир Милонов бұл үшін Мадоннаның өзі немесе оның концертін ұйымдастырушылар жауап беруі тиіс дейді. Заң бойынша, Ресейде гомосексуализмді насихаттаған адамға 15 мың 700 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.
XS
SM
MD
LG