Accessibility links

Экс-министр Хамид Карзайдың кеңесшісі болды


Абдул Рахим Вардак. Кабул, 7 тамыз 2012 жыл.
Абдул Рахим Вардак. Кабул, 7 тамыз 2012 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай таяуда ғана отставкаға жіберілген қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардакты өз кеңесшісі етіп тағайындады.

Вардак президентке қарулы күштерді реформалау және дамыту мәселелері бойынша кеңес береді.

4 тамызда депутаттар Вардак пен ішкі істер министрі Бисмулла Мохаммадиді отставкаға жіберуді қолдап дауыс берген еді. Депутаттар қос министрді "арнайы қызметтің жұмысында кемшіліктер көп және экстремистік топтардың Пәкістан аумағынан ататын зымырандарына тосқауыл қоя алмайды" деп сынаған.
XS
SM
MD
LG