Accessibility links

Сирияда Иран журналисін ұрлап әкетті


Сирияның мемлекеттік телеарнасына жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. 6 тамыз 2012 жыл.
Сирияның мемлекеттік телеарнасына жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. 6 тамыз 2012 жыл.
Иранның араб тілінде хабар тарататын "Әл-Алам" телеарнасы Сириядағы журналисін көтерілісшілер ұрлап әкетті деп хабарлады.

Телеарна басшылығы журналист Ахмад Саттуфты бірнеше күн бұрын Хомс қаласында орталығында үйіне бара жатқанда "қарулы террористік топтардың" ұрлап әкеткенін айтады. Көтерілісшілер арнаның Хомс қаласындағы кеңсесіне шабуыл жасап, тонап кеткенін де айтады.

Өткен жұмада Сирияның мемлекеттік телеарнасының үш журналисін ұрлап әкеткен. Журналистерді Дамаск маңында үкімет әскерімен бірлесе жұмыс істегендіктен көтерілісшілер ұрлаған.

Ал өткен аптада мемлекеттік телеарна ғимаратына жасалған шабуылда бірнеше адам жараланды.
XS
SM
MD
LG