Accessibility links

Пәкістанда қақтығыста 23 содыр қаза тапты


Пәкістан билігі сейсенбіде елдің солтүстік-шығысында болған ұрыстарда үш үкімет сарбазы мен 23 содырдың қаза тапқанын хабарлады.

Ұрыс Ауғанстанмен шекаралас Оракзай ауданында Пәкістан әскерилері аймақтан содырларды ығыстырып, стратегиялық маңызы бар тауларды қайта бақылауына алу операциясын бастағанда болған. Операция барысында ондаған сарбаз жараланған.

Оракзай - Пәкістандағы жартылай автономиялы тайпалар мекендейтін жеті аймақтың бірі. Онда Талибан және "Әл-Қаидамен" байланысы бар экстремистік топтар Ауғанстан мен Пәкістанның ішкі аймақтарына шабуыл жасау үшін берік орнығып алған.
XS
SM
MD
LG