Accessibility links

Жаңаөзендік 13 сотталушыны Атырауға этаппен әкетті


"Жаңаөзен ісі" бойынша апелляциялық сот залынан көрініс. Ақтау, 2 тамыз 2012 жыл.

"Жаңаөзен ісі" бойынша апелляциялық сот залынан көрініс. Ақтау, 2 тамыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сотталған 13 азаматты кеше Ақтаудан Атырауға этаппен алып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Жаңаөзен мен Шетпе оқиғалары бойынша соттарға қатысып жүрген қоғамдық бақылаушы Макс Боқаев хабарлады.

Боқаевтың айтуынша, 13 сотталушының арасында 5 жылға сотталған мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева да бар.

Маңғыстау облыстық соты тамыздың бас кезінде жаңаөзендік сотталушылардың апелляциялық шағымын қарап, Роза Төлетаеваның ғана жаза мерзімін 7 жылдан 5 жылға азайтқан. Ал қалған 12 адамның үкімі сол күйі қалды.
XS
SM
MD
LG