Accessibility links

Аргентинада экс-президенттің соты басталды


Аргентинада елдің бұрынғы президент Фернандо де ла Руаның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Экс-президентке "сенаторларды сатып алды" деген айып тағылып отыр.

Тергеушілердің айтуынша, Фернандо де ла Руа 2000 жылы бір топ сенаторға өзінің еңбек заңнамаларын реформалау ұсынысын қолдағандары үшін 5 миллион АҚШ долларын берген. Экс-президент бұл айыптың саяси астары бар деп, жоққа шығарды.

Фернандо де ла Руа 2001 жылы - экономикалық дағдарыс күшейген тұстағы қарсылықтардың ықпалымен президеттіктен кеткен еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG