Accessibility links

Ющенко Украинаның тіл туралы заңын сынады


Украинаның экс-премьері Виктор Ющенко Азаттық радиосының Украин қызметінде. 14 тамыз 2012 жыл.

Украинаның экс-премьері Виктор Ющенко Азаттық радиосының Украин қызметінде. 14 тамыз 2012 жыл.

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Ющенко таяуда Жоғарғы Рада қабылдаған орыс тіліне басымдық беретін тіл туралы заңды сынады. Экс-президент Азаттық радиосының Украин қызметіне берген сұхбатында заңды елді "деукраиназациялау" құралы деп атады.

Оның ойынша, заңға сай орыс тілі аймақтық тіл мәртебесін алған облыстарда украин тілін енгізуге "құқықтық негіз қалмай қалады".

Виктор Ющенко бұдан өзге президент Виктор Януковичтің басқарушы "Аймақтар" партиясының саясаты мен елдегі жетекші оппозициялық күш - экс-премьер Юлия Тимошенконың "Батькивщина" партиясының ұстанымын да сынады.
XS
SM
MD
LG