Accessibility links

Қазақстандық 100 турист Грекиядан қайта алмай отыр


Крит аралы.
Крит аралы.
Қазақстандық 100-ден астам турист Грекияның Крит аралынан өздеріне қызмет көрсететін ONTravel туристік операторының банкротқа ұшырауына байланысты елге орала алмай отыр деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Туристер агенттікке бұл туралы: "Біз Қазақстанға 13 тамызда ұшып келуіміз керек еді. Бірақ бізді апарған OnTravel операторы бізді далада қалдырды.Қазір Критте 100-ден астам турист қайта алмай отыр. Кейбір туристер өз ақшаларымен қайтып жатыр" дейді туристердің бірі.

Туристердің айтуына қарағанда, олар туристік оператордың себебінен алғашқы келеңсіздіктерге Критке барған беттен тап болған.
XS
SM
MD
LG