Accessibility links

Роберт Блэйк: АҚШ Козловтың жағдайын бақылап отырады


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк "АҚШ оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың ісін жіті бақылауда ұстайды" деп мәлімдеді.

Дипломат 16 тамызда басталатын Козловтың соты әділ өтеді және Қазақстандағы демократиялық реформаларға қайшы келмейді деп үміттенетінін айтты.

Владимир Козлов қазір Ақтау қаласында абақтыда отыр. Саясаткерді қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жаңаөзен оқиғасына қатысты "әлеуметтік араздықты қоздырды" деп айыптап, тұтқындаған. Кейін оған "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "елдің конституциялық құрылымын күштеп құлатуға шақырды" деген айыптар тағылды.
XS
SM
MD
LG