Accessibility links

Үндістан 2013 жылы Марсқа аппарат ұшырмақ


Үндістан премьер-министрі Манмахон Сингх.
Үндістан премьер-министрі Манмахон Сингх.
Үндістан келесі жылдың қараша айында Марс ғаламшарына ғарыш аппаратын ұшырады. Бұл туралы бүгін Үндістанның тәуелсіздік алғанына 65 жыл толуына орай сөйлеген премьер-министр Манмахон Сингх мәлімдеді. Оның айтуынша, ғарыш аппаратын ұшыру жобасының құны 82 миллион АҚШ доллары болады.

Сингх бұған қоса ел экономикасының даму қарқынын жедел күшейту керек екенін де айтты.

"Егер бұлай болмаса, жаңадан инвестиция тарту, бюджет шығынын жабу және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қиындап кетеді. Ал бұл ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деді премьер.
XS
SM
MD
LG