Accessibility links

Министрлік: Ақсай мен Арқанкергендегі оқиғаның байланысы жоқ


Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре беріс. Алматы, 15 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіре беріс. Алматы, 15 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ішкі істер министрлігі Алматы облысындағы Ақсай шатқалында болған оқиғаны Арқанкерген шекара бекетіндегі оқиғамен байланыстырмайды деп хабарлады министрлік өкілі Нұрділдә Ораз арнайы брифингте.

13 тамыз күні Іле-Алатау ұлттық паркінен әуелі жеті адамның, сәл кейінірек тағы төрт адамның мәйіті табылған еді.

Ал Арқанкергендегі оқиға 30 мамырда мәлім болған. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген постында 14 шекарашы мен бір қорықшы - барлығы 15 адамның сүйегі табылған.

Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы Челахтың «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Бірақ Челахтың туыстары оның қылмыс жасағанына сенбейтіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG