Accessibility links

ИКҰ Сирияны қатарынан шығарды


Ислам конференциясы ұйымының саммитіне қатысушы елдердің өкілдері. Мекке, 15 тамыз 2012 жыл.
Ислам конференциясы ұйымының саммитіне қатысушы елдердің өкілдері. Мекке, 15 тамыз 2012 жыл.
Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) президент Башар Асадтың көтерілісшілерді аяусыз басып-жаныштағанын айтып, Сирияның ұйымға мүшелігін тоқтатты.

Мұндай шешімді ұйымға мүше елдер саммиттің екінші күні Иранның қарсы болғанына қарамастан қабылдады.

Сәрсенбіде Сирияның солтүстігіндегі Азаз қаласында үкімет күштерінің көтерілісшілер орналасқан аудандарды әуеден бомбалауынан 20 адам қаза тапты.

Дамаскіде де үкімет әскері мен көтерілісшілер жасақтары арасында ұрыс болып жатыр. Қалада БҰҰ бақылаушылары тұрып жатқан қонақ үйге жақын маңда жарылыс болып, үш адам жараланды. Жарылысты "Сирия ерікті армиясының" көтерілісшілері мойнына алды.
XS
SM
MD
LG