Accessibility links

Аштық жариялаған тұтқындар өз-өздерін жаралағанын хабарлады


Атыраудағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).
Атыраудағы түрмелердің бірі. (Көрнекі сурет).
Атырауда УГ 157/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан, аштық жариялаған төрт сотталушының бірі - Асұлан Аймұратов өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенді. Бұл туралы Азаттықтың Атыраудағы тілшісіне Аймұратовтың өзі бейсенбіге қараған түні хабарлады.

Оның айтуынша, өзге үш сотталушы Аслан Ерғалиев, Бегәлі Шәмшиденов және Еркін Орынбасаров қарындарын тіліп, кеңірдектерін кескен. Төрт сотталушы 15 тамызда сот шешіміне наразылық танытып, аштық жариялаған.

Сотталушылар 4 маусымда Атырау облыстық сотының шешімімен «жалған ақша жасады» және «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, басқарды» деген айыптармен 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді.

Асұлан Аймұратов кеше өздеріне облыс прокурорының орынбасары Парасат Құтқожа келіп, "мәселелерін қарайтыны" туралы айтқанын хабарлады. Ал қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Атырау облыстық департаментінің бастығы Дидар Рахымбердиев "егер наразылықтарыңды тоқтатпасаңдар, этаппен басқа жаққа жібереміз" деді" дейді сотталушы.

Азаттық тілшісі қылмыстық атқару комитетінің облыстық департаментіне хабарласқанымен, ол мекеме тұтқындардың жай-күйі туралы ақпарат бере алмайтындарын айтты.
XS
SM
MD
LG