Accessibility links

Роберт Блэйк Ислам Каримовпен кездесті


АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк. Ташкент.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк. Ташкент.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блэйк Ташкентте Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесті.

Жоспар бойынша кездесуде аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік, демократия мен адам құқықтары, есірткімен күрес мәселелері талқылануы тиіс.

Роберт Блэйк Өзбекстанға сапарына дейін Алматыға келген. Ол Қырғызстанға жоспарланған сапарын қазан айына ысырды. Ресейлік кейбір ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, Блэйк Ташкентті Өзбекстанда АҚШ әскери базасын орналастыруға келістіруге күш салып жатыр.

Ал Каримов пен Блэйктің кездесуі жайлы хабарлаған өзбекстандық телеарна "әңгіме Ауғанстанды бейбіт түрде қалпына келтіру" жайында болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG