Accessibility links

Ақтаудағы сотта прокурор айыптау сөз сөйледі


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты сот залына әкеле жатыр.
Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловты сот залына әкеле жатыр.
Ақтауда "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген және басқа да айыптар тағылған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтың сотында сөз кезегін прокурор алды.

Сотқа қатысып жатқан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, прокурор Владимир Козлов жетекшілік ететін тіркелмеген "Алға" партиясын "экстремистік партия" деп атап, Әблязов, Козлов және Мұратбек Кетебаевты "әлеуметтік саяси негіздерге нұқсан келтірді" деп айыптаған.

Прокурор бұдан өзге қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязов "Қазақстанда экстреимстік іс-әрекет жасауға жағдай жасап, "Халық майданы" қозғалысын қаржыландырды", "Козлов, Кетебаев пен Әминов Әблязовтың тапсырмасы бойынша жұмыс істеді" деген айыптау оқыған.
XS
SM
MD
LG