Accessibility links

Жапония 14 қытайды елден шығарады


Сенкаку аралы маңында жүзіп жүрген кеме. (Көрнекі сурет). 22 қыркүйек 2010 жыл.

Сенкаку аралы маңында жүзіп жүрген кеме. (Көрнекі сурет). 22 қыркүйек 2010 жыл.

Жапония сәрсенбіде Сенкаку аралында ұсталған 14 қытайлық журналист, теңізшілері мен белсендіні елден күштеп шығаратын болды. Сенкаку - Жапония, Тайвань және Қытайдың арасындағы даулы арал.

Жапония ақпарат құралдары бұл туралы полицияның ұсталғандардан жауап алып, иммиграциялық полицияға тапсыратынын хабарлады.

Жексенбіде Гонконгтан шығып кеткен Қытай кемесін Сенкакуде Жапонияның шекара катерлері қоршап алған. Бірақ кейбір белсенділер кемеден қашып шығып, жағаға жүзіп жеткен. Бұл оқиға Жапония мен Қытай арасында дипломатиялық дау тудырды.

Қытайлықтар Дяоюйтай деп атайтын аралда халық тұрмайды. Соған қарамастан ол теңіз жолдары түйісетін маңызды стратегиялық жерде орналасқан. Аралдың айналасында балық мол. Аралда мұнай қоры бар деген де болжам айтылады.
XS
SM
MD
LG