Accessibility links

Украинаның экс-министрі тағы 2 жылға сотталды


Юрий Луценко сот залында. Киев, 17 тамыз 2012 жыл.

Юрий Луценко сот залында. Киев, 17 тамыз 2012 жыл.

Киев соты Украинаның бұрынғы ішкі істер министрі Юрий Луценконы тағылған екінші айыбы бойынша тағы екі жылға соттады.

Луценко 2004 жылы сол кездегі президент Виктор Ющенконың сайлауға дайындық кезінде уланып қалуына күдіктілерді заңсыз аңдытты деп айыптап отыр.

Ақпанда Луценко қызмет бабын асыра пайдаланды және қаржы жымқырды деген айыппен 4 жылға сотталған. Бірақ ол өзіне тағылған екі айыпты да жоққа шығарып, істің саяси астары бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG