Accessibility links

Ақсай шатқалында қаза тапқан қорықшы жерленді


Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген шатқалы. (Көрнекі сурет).
Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген шатқалы. (Көрнекі сурет).
Бүгін Алматыда Іле-Алатау ұлттық паркінің қорықшысы, Ақсай шатқалында кісі қолынан қаза тапқан Панайот Захаропуло жерленді деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Жерлеу рәсіміне оның туыстары мен жақындары, қызметтес әріптестері келді. Марқұмның қаза тапқан әйелі Ирина Карпенко да жерленді.

13-14 тамыз күндері Алматы облысының аумағындағы "Кордон-Ақсай" шатқалынан 11 адамның мәйітін тапқан. Олардың екеуі - Іле Алатауы паркінің қорықшысы Панайот Захаропуло мен оның әйелі Ирина Карпенко.

Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG