Accessibility links

Үкімет Алматыға қосымша 6 млрд. теңге бөлді


Алматы. Көрнекі сурет.
Алматы. Көрнекі сурет.
Қазақстан үкіметі Алматы қаласындағы жол айырықтарының құрлысына қосымша 6 млрд. теңге бөлді (1$=149T). Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазір қалада алты жол айырығының құрылыстары қатар жүріп жатыр. Қала әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, 2012 жылға жол айырықтары құрылысына бөлінген 23 млрд. теңге толық игерілген.

Әкім соңғы жарты ғасырда Алматыда автокөлік саны 15 есеге көбейгенін атап өткен. Қазіргі таңда қалаға кіріп-шығатындарды қоса санағанда күнделікті Алматы көшелерімен 700 мыңға жуық автокөлік жүретіні айтылып отыр.

Жергілікті атқарушы биліктің жоспары бойынша Алматыдағы алты жол айырығының құрылысы алдағы жылы толық аяқталуы тиіс.
XS
SM
MD
LG