Accessibility links

Қызылорда облысы Илья Ильинге 500 мың доллардан асатын ақша сертификатын берді


Лондон Олимпиадасының чемпиондары: Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев. Суретті дайындаған Анса Мұстафа, 13 тамыз 2012 жыл.

Лондон Олимпиадасының чемпиондары: Александр Винокуров, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, Ольга Рыпакова, Серік Сәпиев. Суретті дайындаған Анса Мұстафа, 13 тамыз 2012 жыл.


«Ауыр атлетика бойынша 2 мәрте Олимпиода чемпионы Илья Ильинге Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов 75 миллион теңгенің сертификатын табыс етті» деп хабарлайды ҚазТАГ.

Бұл ақпаратқа қарағанда, Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы Марина Вольноваға да Renault Crossover автомобильін мінгізген. Соңғы жылдары Астана қаласында тұрып жатқан оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те таяуда пәтер кілтін берген болатын.

Сондай-ақ Қызылорда облысы Олимпиада жүлдесін ала алмаған спортшыларды да марапатсыз қалдырмай, ауыр атлет Алмас Өтешев пен еркін күрес балуаны Дәулет Ниязбековке 1 млн теңге, ауыр атлет Александр Зайчиков пен жеңіл атлет Виктор Лептиковке 300 мың теңгеден сияпат жасаған.

Ал кеше, сенбі күні кешке «Шахтер» стадионында басталған салтанатты рәсімде Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов Қарағандыдағы бокс орталығы бұдан былай Лондон Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері, боксшы Серік Сәпиевтің атымен аталатынын хабарлады.

Ол сонымен қатар «Қарағанды облысының құрметті азаматы» деген атақтың №1 куәлігі Серік Сәпиевке, №2 куәлігі оның жаттықтырушысы Александр Стрельниковке берілетінін айтты.

Сондай-ақ облыс әкімі барлық қарағандылықтар атынан Серік Сәпиевке Toyota Land Cruiser-200 автокөлігін сыйлап, жаттықтырушысы А.Стрельниковке 3 млн теңгенің сертификатын табыстады.

Лондон Лимпиадасында Қазақстан спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болып, жалпы командалық есепте Қазақстан 12 орынға табан тіреген болатын.
XS
SM
MD
LG